Үздік дәрігерлердің Шымкенттегі күндері басталды

0
524

Білікті дәрігерлер науқастарды қабылдап, күрделі оталар жасауда.


Үздік дәрігерлердің Шымкенттегі күндері басталды

Бүгін ҚР Президенті Іс Басқармасына қарасты Медициналық орталығының мамандары Шымкенттегі күндерін бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Білікті дәрігерлер тобы қаладағы ірі медициналық ұйымдарда науқастарды қабылдап, күрделі оталар жасауда. Делегация құрамында Алматыдағы Орталық клиникалық ауруханасының мамандары мен еліміздің жетекші онкологтары, нейрохирургтары мен кардиохирургтары, аритмолог, пульмонолог және генетик мамандар бар.

Білікті нейрохирург, аталған орталық ауруханасы директорының орынбасары Мыңжылқы Бердіқожаев №2 қалалық аурухана базасында бірнеше күрделі оталарды іске асырды.
Медорталық ауруханасының онколог-гастроэнтерологы, онкохирург мамандары Шымкент қалалық онкологиялық орталығында науқастарды қабылдап, күрделі оталар жасады. Үздік дәрігерлердің Шымкенттегі күндері 24 ақпанға дейін жалғасады.