"Суырып алып жұлқылаған": Шымкентте бұзақылар жедел жәрдем көліктеріне шабуыл жасаған

0
625

4 қаңтар күні бүлікшілер 2 жедел жәрдем көлігіне шабуыл жасаған.


Шымкентте жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлікшілер медицина қызметкерлерінің жұмысына да кедергі келтірген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Соның ішінде бұзақылар жедел жәрдем қызметінің жұмысына едәуір кедергі болған. 4-5 қаңтар күндері жедел жәрдемге күнделіктіден 200-ге артық қоңырау келіп түскен. Бұл туралы бүгінгі өткен брифинг барысында қалалық желед жәрдем станциясының бас дәрігері Гүлнәр Құрманбекова БАҚ өкілдеріне мәлімдеді.

Байланыс нашар болғандықтан қалада бүлік шыққан күні шақыртуды қабылдаудың өзі үлкен қиындық туғызыпты. Диспетчерлер саны 2 есеге көбейтілген. 4 қаңтар күні бүлікшілер 2 жедел жәрдем көлігіне шабуыл жасаған. Шабуыл әсерінен көліктердің терезелеріне зақым келген. Қызметкерлер қашып үлгерген. Олардың ешқайсы жарақат алмаған.

Сонымен қоса, 5 қаңтар күні бес рет жедел жәрдем көлігіне шабуыл жасалған. Бұзақылар көліктердің терезесін ұрып сындырған. Осы күнгі оқиға салдарынан 1 медицина қызметкерінің иығына тас тиген.Сонымен қоса, бір фельдшер қызды көліктен ішінен суырып алып жұлқылаған. Фельдшер көлікке мініп үлгерген.

"Бізге көптеген шабуыл жасалды. Барынша қашып үлгердік. Бастысы қызметкерлеріміздің қауіпсіздіктерін амандықтарын ойладық. Бригаданы көліктің артына отырғыздық", - деді қалалық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Гүлнәр Құрманбекова.

Айта кетейік, болған шабуыл әсерінен медицина қызметкерлерінің ешқайсысы жараланбаған. Жалпы саны 6 жедел жәрдем көлігі зақымдалған. Қазіргі таңда оларды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.