Шымкенттік студент механикалық энергияны электр қуатына айналдыратын құрылғы жасады

0
753

Құрылғыны күнделікті тұрмыстық қажеттілікте қолдануға болады.


Шымкенттік студент механикалық энергияны электр қуатына айналдыратын құрылғы жасады

Шымкент қаласындағы жол-көлік колледжінің студенті Лейман Станислав механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын құрылғы жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл ғылыми жоба Павлодар қаласындағы «ХХІІІ Сәтпаев оқуларында» үздік деп танылып, ғалымдардың таңданысын тудырған.
Құрылғыны жасаудағы басты мақсат механикалық энергияны электр энергиясына айналдыра отырып, күнделікті тұрмыстық қажеттілікте қолдануға болады. Мәселе, электр энергиясына, яғни арнайы ток көздеріне қол жетімсіз жағдайларда, табиғат аясына демалуға және ұзақ жолды сапарларға шыққанда байланыссыз, жарықсыз қалған уақытта жарық көзі ретінде пайдалана аласыз. Кез-келген орында көліктің электр қораптарын, аккумулятор және ұялы телефонды қуаттап алатын болғандықтан, бұл құрылғыны қол генераторы деп атаса да болады.
Әлемде тұрмыстық техникалардың көптеп дамуына байланысты электр энергиясының тапшылығына дабыл қағылуда. Станислав осы ғылыми жобасы арқылы еліміздің экологиясын қорғауға, электр энергиясын үнемдеуге өз үлесін қосады деп білеміз. Республикалық және халықаралық екі ғылыми-практикалық конференцияда жобаны сәтті қорғап, І дәрежелі дипломмен марапатталған жас ізденушіге физика пәнінің оқытушысы, ұстазы Гүлжан Ағабекқызы жетекшілік еткен.
Айта кетейік, Шымкент қаласы № 89 ІТ мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы Шұғыла Сапарбек «Ақылды үй» жобасын көпшілік назарына ұсынды. Шымкенттік оқушының бұл жұмысы 600-ге жуық қатысушының ішінен үздік деп танылып, бас жүлде иегері атанды. Жалпы ақылды үйдің ішінде су, өрт және газ датчигі орналасқан. Су датчигі су шыққан жағдайда бірден zummer датчигі арқылы сигнал беріледі және Bluetooth желісі арқылы үй иесіне SMS хабарлама жібереді. Өрт датчигі мен газ дәл солай, үйде өрт және газ шыққан жағдайда бірден оны сезіп, zummer датчигі арқылы сигнализация орнайды және үй иесіне Bluetooth желісі арқылы телефон құрылғысына смс хабарлама келеді.