Шымкенттік оқушылар Антальяда өткен халықаралық жарыстан жүлдемен оралды

0
650

13-рет шымылдығын түрген білім сайысы орыс, ағылшын, математика пәндері мен шығармашылық, спорттық салалар бойынша ұйымдастырылған болатын.


Шымкенттік оқушылар Антальяда өткен халықаралық жарыстан жүлдемен оралды

Түрік елінің Анталья қаласында өткен халықаралық олимпиадада шымкенттік оқушылар жүлделі болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

13-рет шымылдығын түрген білім сайысы орыс, ағылшын, математика пәндері мен шығармашылық, спорттық салалар бойынша ұйымдастырылған болатын.

Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан мен Ресей елінен келген кіл мықты 800-ге жуық қатысушылармен бірге бәсекеге түскен "Ziyatker" мектебінің оқушылары жүлдесіз қайтпады. Әли Айсұлтан мен Убайда Камал орыс тілінен жүлделі 3-орынды жеңіп алды. Ал Әли Нұрәли мен Айдар Әлия (ағылшын тілі ) ХIII халықаралық олимпиадада қола медалға ие болды.
"Халықаралық сайыста білім көшін бастаған оқушылар үшін бұл алғашқы тәжірибе. Соған қарамастан жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Бәсекелестік өте жоғары болды. Десе де оқушылар үшін бұл үлкен сабақ,"- дейді мектеп директоры Жеткерген Махмудұлы.