Шымкенттік NIS халықаралық шығармашылық өнер байқауының үш Гран-приін иеленді

0
2 509

«JetSetElites» және «Ай-Ару» ансамблі​ иеленді.


Шымкенттік NIS халықаралық шығармашылық өнер байқауының үш Гран-приін иеленді

«Silk Way Grand Festival of talents» халықаралық шығармашылық өнер байқауында Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS мектебі үш Гран-приге ие болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Silk Way Grand Festival of talents» халықаралық шғармашылық өнер байқауының екі Гран приін мектептің би ұжымдары «JetSetElites» және «Ай-Ару» ансамблі иеленді. «JetSetElites» командасы хип-хоп стиліндегі заманауи хореографияны ұсынса, «Ай-Ару» ансамблі жұптық би байқауына қатысты.

Мектептегі «NIS Dance Family» би үйірмесі − 2013 жылдан бері дайындық пен жаттығулар, республикалық және халықаралық деңгейдегі түрлі фестивальдарға қатысу есебінен тәжірибе жинақтап, биік тұғырдың шыңына қарай өрлеп келе жатқан үлкен отбасы.

«Мен үшін би - бұл өзіңе, тұла бойыңа деген сүйіспеншілік пен қамқорлық, эйфория, қалықтау сезімі. Би әрқашанда мен үшін қуат көзі. Жаңа, өзіме беймәлім биді көрген сайын, оны үйренуге асықпын. Өмірден көрген-түйгенім аз болғанымен, би әрдайым жанымда», − деп бөлісті «Ай-Ару» ұжымының мүшесі Бөрте Құрбанбай.

«Жеңіске деген сенімділікке ие болу үшін бар күшің мен уақытыңды аямай, ештеңеге қарамастан рухыңды түсірмеу керек. Бұл «JetSet Elite» командасының әр мүшесінде табылатын қасиет. «NIS Dance Family» қоржынында «Kazakhstan Summer Art& Dance Game» республикалық фестивалінің екі Гран-приі, Бірінші Халықаралық балалар-жасөспірімдер және ересектер арасындағы «Golden Star of Kazakhstan» байқауының Гран-приі, «Jan Juregim Kazakhstan» халықаралық фестивалінің Гран-приі бар. Бұл мектеп ансамблі 12-сынып түлектерінен құралған. «The Silk Way Grand Festival of Talents» ІІ халықаралық өнер фестиваліне шақырту келгенде, бұл мектеп ансамблі жеңістерінің соңғы нүктесін қоюға жақсы мүмкіндік деп шештік. Нәтижесінде Ресей мен Қазақстаннан келген қарсыластардың озық шықтық», - деді «NIS Dance Family» үйірмесінің жетекшісі Арман Ибраимов

Дарынды жастар байқауының үшінші бас жүлдесін саздан құмыра жасау тәсілін ұсынған Шыңғыс Ерлер иеленді.