Шымкенттік мұғалімдер вакцина салдыруда белсенділік танытып жатыр

0
871

Егу науқаны басталғалы барлығы 136 042 адам вакциналанды.


Шымкенттік мұғалімдер вакцина салдыруда белсенділік танытып жатыр

Шымкент қаласында эпидемиялық ахуал жөніндегі кезекті штаб отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Штаб отырысына ҚР Парламент Сенатының депутаттары Нұрлан Бекзаназаров пен Айгүл Қапбарова, сондай-ақ, басқарма басшылары да қатысты.

Жиын барысында қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов әлемде эпидемиологиялық жағдай өте күрделі екеін жеткізді.

Соңғы тәуліктерде Өзбекстан, Бразилия, Германия елдерінде коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші ұлғайған.
Шымкент қаласы эпидемиологиялық жағдай бойынша қазіргі кезде «сары аймақта». Жыл басынан бері КВИ-дің 4 365, соңғы тәулікте 70 адам тіркелді. Жыл басынан бері 3000 науқас емделіп шыққан.
38 бекетте 1 компонент – 136 060 адамға, 2 компонент – 32 383 адамға коронавирус инфекциясына қарсы вакцина егілді. Басқарма басшысының мәлімдеуінше, екпе алушылар арасында қазіргі кезде мұғалімдер белсенділік танытуда. Медицина қызметкерлері 14 130, құқық қорғау қызметкерлері – 9 188, созылмалы ауруы бар азаматтар – 6831, студенттер – 4359 және басқалар – 79 338.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 406 орын бар. Инфекциялық стационарда 723 науқас емделуде.
Бүгінгі штабта жаңашыл бағыт ұсынған ешкім жоқ. Бұл сын емес. Дұрыс түсініңіздер. Жалпы жұмыс қарқыны жаман емес. Жұмысқа жаңа бағыт беретін ұсыныстардың болғаны маңызды. Ізденіс болмаса даму болмайды. Вируспен күресте біз жылдам дамуымыз керек. Вирустан тез дамысақ қана жеңеміз. Сондықтан індетпен күрес алгоритміне ұсыныстарыңызды күтеміз - деді қала әкімі.