Шымкенттік мергендер халықаралық турнирде жүлдегер атанды

0
527

Шымкент қаласының спортшылары 1 алтын, 1 күміс жүлдеге қол жеткізді.


Шымкенттік мергендер халықаралық турнирде жүлдегер атанды

Шымкенттік нысана көздеушілер халықаралық турнирде жүлдегер атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бангладеште 18 қазан күні өткен нысана көздеуден халықаралық онлайн турнирде Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлдеге ие болды.

Команда сапында Шымкент қаласының спортшылары 1 алтын, 1 күміс жүлдеге қол жеткізді. Елизавета Безрукова пневматикалық винтовкамен 10 метрге ату жаттығуы бойынша жеңімпаз атанды.

Ирина Локтионова пневматикалық тапаншамен 10 метрге көздеу бәсекесінде күміс жүлде жеңіп алды.

Сондай-ақ, Алматы қаласының спортшылары да жүлделі орындарға ие болды. Жарысқа Украина, Бангладеш, Тәжікстан, Пәкістан, Қырғызстан, Бахрейн елінің өкілдері қатысты.