​Шымкенттік құтқарушылар ер адамды құтқарды

0
677

Ер адамның бұл жағдайға қалай тап болғандығы анықтауда.


​Шымкенттік құтқарушылар ер адамды құтқарды

Шымкенттік құтқарушылар өзінің көк тамырын кесіп белгісіз себептен үйдің сыртқы қабырғасында 3-қабат деңгейінде орналасқан киім кептіргіштерге және сыртқы кондиционер блогына кептеліп қалған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

8 тамыз күні түнде Шымкент қаласы ТЖД «112» қызметіне Шымкент қаласы Төменгі Отырар мөлтек ауданындағы көп пәтерлі үйлердің бірінде 1985 жылғы ер адамның кептеліп қалғандығы туралы хабарлама келіп түсті.

4 бірлік техника және 17 жеке құрамнан тұратын Шымкент қаласы ТЖД бөлімшесі шақыруға шығып кетті. Сондай-ақ апаттар медициналық орталығының және Полиция департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды.

Оқиға орнына келгенде, жағдайды бағамдап, ер адамның кез келген уақытта құлап кету мүмкін екендігін ескеріп, тез арада орнатылған өрт сөндіру сатысы арқылы ер адам қауіпсізге жерге түсірілді және жедел жәрдем қызметкерлеріне табысталды.

ТЖ қызметкерлерінің кәсіби әрекетінің және уақытылы орнатылған сатының арқасында ер адамның өмірі құтқарылды.

Ер адамның бұл жағдайға қалай тап болғандығын полиция қызметерлері анықтауда.