Шымкенттік гимнастшылар Әлем чемпионатында 3-орын алды

0
520

Олар Әлия Юсупова басқаратын Шымкент қалалық №9 көркем гимнастика спорт мектебінің шәкірттері.


Шымкенттік гимнастшылар Әлем чемпионатында 3-орын алды

Шымкенттік гимнастшылар Әлем чемпионатында 3-орын алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Австрияның Грацта қаласында 26-27 қараша күндері эстетикалық топтық гимнастикадан Әлем чемпионаты өтті.
Оған Қазақстан құрамасы сапында шымкенттік «Кармелиты» командасы қатысты.
Команданың құрамында Элина Кан, Саида Патшахан, Аида Жақсыбек, Сәния Тұрдыбай, Сабина Елубаева сынды спортшылар болды. Олар Әлия Юсупова басқаратын Шымкент қалалық №9 көркем гимнастика спорт мектебінің шәкірттері. Любовь Боброва, Виолетта Керхер сынды білікті мамандар даярлаған гимнастшылар бәсекелі жарыста 3-орынды иеленді.