Шымкенттік бишілер халықаралық конкурста жүлделі орын иеленді

0
1 435

Байқауға барлық өңірден өнерпаздар қатысты.


Шымкенттік бишілер халықаралық конкурста жүлделі орын иеленді

Шымкенттік бишілер VII Халықаралық конкурста жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2021 жылғы 5-8 маусым күндері аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Astаna Childerns festival» атты VII Халықаралық фестиваль өтті. Аталған фестиваль өнерлі балалар арасында ұйымдастырылды. Конкурс ережесіне сәйкес 4 номинация бойынша өнерпаздар бақ сынасты. Байқауға барлық өңірден өнерпаздар қатысты.
Байқаудың нәтижесінде «Би өнері» жанры бойынша «Інжу» би тобы 3 ұлттың қазақ, орыс, өзбек биін жоғары деңгейде орындап I, II орынды иеленіп, арнайы алғыс хатпен марапатталды.
«Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК қарасты Қазығұрт мәдениет үйінің «Інжу» би тобы 2017 жылы құрылған, бүгінде көптеген байқаулардың жүлдегері.
Айта кетейік «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК қарасты Қазығұрт мәдениет үйі 1988 жылы салынып, халықтың игілігіне берілген. Мәдениет үйінде өнерпаз балаларға арналған түрлі үйірмелер жұмыс істейді.