Шымкенттік азамат көпірден секіріп кетпек болды

0
546

Өмірімен қош айтыспақ болған азамат мән-жайды анықтау үшін Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жеткізілді.


Шымкенттік азамат көпірден секіріп кетпек болды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкенттік полицей суицид жасамақ болған ер-азаматты құтқарып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі мәлімдеді.

20 маусым күні Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының «102» телефонына Қапал батыр көшесінде орналасқан көпірден ер-азаматтың секіруге оқталып тұрғандығы жайында хабарлама түскен.

Оқиға орнына жіберілген патрульдік полиция полкінің инспекторы полиция аға лейтенанты Нұржан Садхан сол жерге жеткен кезде ер адамның көпір жақтауына шығып секіруге оқталғанын байқайды. Полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, көпір жақтауында тұрған жігітті қауіпсіз жерге шығарып үлгереді. Полиция қызметкерлері жедел әрі үлесімді әрекеттерінің арқасында тұрғынның өмірін құтқарып қалды.

Өмірімен қош айтыспақ болған азаматтан, мән-жайды анықтау үшін Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жеткізілді.