Шымкенттегі Жүрек орталығында бес мыңнан аса науқасқа ота жасалды

0
908

Операцияның басым бөлігі жүрек талмасына ұшыраған науқастарға жасалған.


Шымкенттегі Жүрек орталығында бес мыңнан аса науқасқа ота жасалды

Шымкенттегі Жүрек орталығында жыл басынан бері 3720-нан аса ишемиялық ауруға шалдыққан ауыр науқастарға сәтті тері арқылы инвазивтік әдіспен коронарография, 2125 науқасқа стен орнату отасы жасалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Операцияның басым бөлігі жүрек талмасына ұшыраған науқастарға жасалып, хирургиялық емнің барлығы жоғары технологиялардың көмегімен істелген.
Медицина мамандары жасаған жоғары технологиялық операциялар саны былтырғы жылмен салыстырғанда 1,6 есеге артты. Нақтырақ айтқанда, орталықта 2022 жылы 576 ашық жүрек операциясы жасалынды.
“Қаладағы Жүрек орталығында жоғары технологиялық операциялары қарқынды енгізілуде. Жүрек клапандарындағы реконструктивті операциялар, MICS-клапан аппараты мен АКШ операциялары, төмен ФВ бар науқастарда сол жақ қарыншалық аневризмаларды кесу. Миниинвазивті операциялар: бейнеэндоскопиялық аппараты қолдану. ЭКМО қолдану. Cозылмалы жүрек жетіспеушілігі бар науқастарды басқарудың хирургиялық бағдарламасы бойынша LVAD имплантациясы 5 науқасқа қондырғы орнатылды. Бірінші рет аорталды және митральды қақпашаларға транскатетерлі имплантация TAVI қондырғысы орнатылды. Сонымен қоса, қолқа аневризмасына стент графт орнату отасы жасалды”, - дейді Жүрек орталығының басшысы Дархан Сүйгенбаев.
Айта кетейік, орталықта жүрекке стенд қою, жүректің қақпақшасын ауыстыру, аортакоронарлы шунттау отасы, туа біткен ахауларын бекіту, жүре келе пайда болған ахауды протездеу, жүрекке ашық операция жасау сынды 40 -қа жуық операция түрі жасалады.