Шымкенттегі облыстық клиникалық ауруханада баллон тарсылы орын алды

0
448

Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 21 адам жеке құрам және 5 техникасы жұмылдырылды.


Шымкенттегі облыстық клиникалық ауруханада баллон тарсылы орын алды

Шымкенттегі облыстық клиникалық ауруханада баллон тарсылы орын алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, 17 маусым күні сағат 13:04-те қатты тарсыл (хлопок) туралы хабарлама келіп түскен.
"Әл-Фараби ауданы, Майлы Қожа көшесі бойында орналасқан облыстық клиникалық ауруханасының ауласында ашық жерде көлемі 20 шаршы метр құрайтын бастырманың астында 1 дана көмір қышқыл газ сақталған (углекислый) баллонында тарсыл (хлопок) орын алды", - делінген баспасөз хабарламасында.
Басқарма мәліметіне сүйенсек, аталған оқиға салдарынан өрт шықпаған. Оқиға орнына жоғары ранг бойынша шақырылым расталмады. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 21 адам жеке құрам және 5 техникасы жұмылдырылды.