Шымкенттегі бірнеше шағын ауданда ауыз су тоқтатылады

0
718

Жолайрық құрылысына байланысты уақытша су беру тоқтатылады.


Шымкенттегі бірнеше шағын ауданда ауыз су тоқтатылады

Шымкент қаласындағы бірнеше шағын ауданда ауыз су уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы, Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшелері қиылысындағы көлік жолайрығының құрылысы жүргізілуде. Құрылыс нысанындағы 720 мм ауыз су құбырын орын ауыстыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Аталған жұмыстардың жүргізілуіне байланысты, ағымдағы жылдың 24 маусымы кешкі сағат 22-00-ден 25 маусым сағат 10-00-ге дейін Шымкент қаласының солтүстік-батыс бөлігін (Самал-2 және Самал-3 шағын аудандары) ауыз сумен қамтамасыз ету уақытша тоқтатылады.
Осыған орай, аталған шағын аудан тұрғындарын ауыз сумен уақытша қамдануларын сұранамыз.