Шымкентте жол құрылысы саласындағы 30-ға жуық компанияға айыппұл салынды

0
378

Оларға кепілдік мерзімі бойынша кемшіліктердің мерзімінде жойылмағанына байланысты 6,5 миллион теңге айыппұл салынды.


Шымкентте жол құрылысы саласындағы 30-ға жуық компанияға айыппұл салынды

Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы осы жылға мемлекеттік сатып алу конкурсымен жеңімпаз аталған мекемелердің өз міндеттемелерін уақтылы және сапалы орындамағаны үшін 58,1 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның 37,7 миллион теңге (61,6%) өндірілді.
Жол құрылыс жұмыстары тапсырылған 24 мердігер мекеменің, кепілдік мерзімі бойынша кемшіліктердің мерзімінде жойылмағанына байланысты 6,5 миллион теңге айыппұл салынды.
Ал, атқарылып жатқан нысандар бойынша 87 мекемеге 51,5 миллион теңге айыппұл салынды. Оның ішінде 70 айыппұл мердігер мекемеге, 16 айыппұл техникалық бақылаушы мекемесіне, авторлық қадағалаушы мекемеге 1 айыппұл салынды. Айыппұл салынған мекемелер тарапынан 36,3 миллион теңге өндірілді. Төленбеген айыппұлдар бойынша сотқа талап арыздар жолдануда.