Шымкентте жеті жігіт лифт ішінде қалып қойған

0
1 000

Төлеметов көшесіндегі көпқабатты үйдің лифтінен 7 жігіт шыға алмай қалған.


Шымкентте жеті жігіт лифт ішінде қалып қойған

Шымкентте жеті жігіт жеделсатыда қалып қойған. Лифтіден шыға алмай қалғандарды төтенше жағдайлар департаментінің мамандары құтқарып алды деп хабарлайды Ernur.kz тілшісі.

Төлеметов көшесіндегі көпқабатты үйдің лифтінен 7 жігіт шыға алмай қалған. Барлығы бірдей жеделсатыға мінген соң есігі жабылып жоғары қарай көтерілген. Алайда 3-ші және 4-ші қабаттың арасында лифт тоқтап қалған. 7 жігіттің бірі өз бетімен лифтінің есігін ашпақ боп қолын жарақаттап алған. Жетеуі бірдей жеделсатыға мінген жігіттер екі сағат лифтіден шыға алмаған. Амалдары таусылып құтқарушыларды шақырып көмек сұраған. Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары гидравликалық құтқару құралымен лифтінің есігін ашып берді. Қолын жарақаттап алған жігітке жедел жәрдем қызметі көмек көрсеткен.