Шымкентте жаңа нысандардың лифтілері тексерілді

0
435

Рысқұлов көшесі, 62/4 ғимараттағы лифт сынақтан өткізілді.


Шымкентте жаңа нысандардың лифтілері тексерілді

Шымкент қаласында құрылыс қарқын алып, көп қабатты нысандардағы лифтілер саны көбеюде. Осыған байланысты көтергіш құралдары тексерілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл жұмыстармен Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына жүктелген.
Бүгін басқарма мамандары Рысқұлов көшесі, 62/4 ғимараттағы лифтіні сынақтан өткізді. Бес қабатты ғимаратқа қойылған көтергіш құрылғы Түркиядан жеткізілген. Оны «Лифт құрылыс» ЖШС мамандары монтаждап, орнатуды аяқтап қалды. Басқарма мамандары компания өкілдерімен бірге лифтінің жүк көтеру күшін тексерді.
Бұл лифтінің жүк көтергіштігі – 630 келі. Ал сынақ кезінде ішіне екі есе артық салмақ, яғни, 1200 келі арнайы зат қойылды. Енді осы күйінде лифт 10 минут бойы қосулы тұрады. Егер осы уақыттың ішінде құрылғы өз деңгейінен төмендеп кетпесе, онда жарамды деп саналады. Ал егер, жүкті көтере алмай, 20 сантиметрден астам мөлшерде төмен түсіп кетсе, онда монтаждаушы компания лифтіні алып тастап, басқасын орнатуы тиіс, – деп түсіндірді Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрдәулет Құрбанбекұлы.
Лифт сынақтан өтті. Монтаждаушы компания құрылғыға 18 айға кепілдік беріп отыр. Одан кейін де нысан иесімен келісім негізінде серивстік қызметін ұсынбақ. Айта кетейік, басқарма мамандарының мәліметінше, Шымкентте лифтілерге қызмет көрсететін 11 компания бар.