Шымкентте үздік әскери палуандар анықталды

0
600

Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі​ мәлімдеді.


Шымкентте үздік әскери палуандар анықталды

Механикаландырылған бригаданың спорт кешенінде қазақша күрестен турнир өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімдерінен 32 палуан «Оңтүстік барысы» атағы және қазақ күресінен Қарулы Күштер чемпионатына жолдама үшін күреске шықты. Жарыс 80 келіге дейінгі және одан жоғары екі салмақ дәрежесінде өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша 80 килограмнан астам салмақ дәрежесінде 03811 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ефрейтор Ертуған Төрелов, ал 85395 әскери бөлімінің намысын қорғаған лейтенант Айбек Солтанханов жеңіл салмақта жеңімпаз атанды.
Ал, үздік тәсіл жасағап және танытқан мәрттігі үшін 75263 әскери бөлімінің дене шынықтыру және спорт бастығы аға лейтенант Диас Габдулла жеке грамотамен марапатталды, ол үшінші орын үшін финалда 29108 әскери бөлімінің мерзімді қызмет сарбазы қатардағы жауынгер Алишер Секенге өз еркімен жеңісін сыйлады.
- Жыл сайын ұлттық спорт түрлерінен өткізілетін сайыстар өңірлік қолбасшылықтың чемпионаттарында үлкен қарқын алуда. Жарысқа қатысушылардың саны ғана емес, сонымен қатар әскери қызметшілердің шеберлік деңгейі де артып келеді. Өскелең ұрпақ күрестің бұл түріне қызығушылық танытып отыр, - деп толықтырды майор Мадьяр Бабаханов.
Айта кетейік, турнир жеңімпазы Қазақ күресінен – «Әскер Барысы» Қарулы Күштер чемпионатына жолдама иегері атанды.

Еске сала кетейік, Шымкентте еліміздің барлық аймақтарымен қатарлас көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. Үшінші мегаполистің бірінші тобы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарына аттанды. Мерзімді қызмет орындарына медициналық комиссиядан, жеке сұхбаттасудан және психологиялық тұрақтылығын анықтайтын сынақтарынан сәтті өткен 15 адам кетті. Қалыптасқан дәстүр бойынша шақырылушыларды шығарып салар алдында әскерге шақыру комиссиясының отырысы өтті. Отырыста жастардың қызмет ету себебі мен психологиялық көңіл-күйі тағы да нақтыланып, оларға Отан қорғаушылардың дәстүрлеріне адал болуларын және қызметтерін абыроймен атқаруын тіледі. Әскерге шақыру комиссиясы ең алдымен техникалық мамандығы, физикалық дайындығы, денсаулығына байланысты әскери қызметке жарамды және әскерге баруға ниет білдірген шақырылушыларды бірінші кезекте қарастырады.