Шымкентте үшінші рет туризм саласының өкілдеріне арналған семинар өтеді

0
633

Бес күнге созылатын іс-шара соңында қатысушыларға арнайы біліктілікті арттыру туралы сертификаттар табысталады.


Шымкентте үшінші рет туризм саласының өкілдеріне арналған семинар өтеді

2200 жылдық тарихы бар Шымкент қаласына сыртқы және ішкі туризм бойынша келушілердің саны жыл санап көбейіп келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осы ретте туристер санының артқанын ескере отырып, «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы қаламыздың гид-экскурсоводтары мен қонақ үй қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды назардан қалдырған емес.
Осы мақсатта гид-экскурсоводтар мен қонақ үй қызметкерлері арасында жыл сайын семинар ұйымдастырылады. Осымен үшінші жыл қолға алынған семинар биыл қазан айында өтеді деп жоспарланған.
Семинар-тренингті бизнесті дамыту, нарықта брендті сату және ілгерілету жөніндегі кеңесшілер, сертификатталған шетелдік коуч-мамандар және топ позицияларында ұзақ жұмыс өтілі бар жергілікті білікті практиктер жүргізеді. Бес күнге созылатын іс-шара соңында қатысушыларға арнайы біліктілікті арттыру туралы сертификаттар табысталады. Семинарға 40-тан астам гид-экскурсовод пен қонақ үй қызметкерлері қатысатын болады.

Айта кетейік, өткен жылы шаһарға 400 мыңға жуық турист келген. Осы ретте туризм саласында туристік операторлардың қызметі маңызды екені анық. 2021 жылы Шымкентте 7 туроператор тіркелген болса, қазіргі уақытта қаламызда 10 туроператор лицензиямен жұмыс істеп жатыр. Қалалық туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының мәліметінше, туроператор болып тіркелудің ережелері бар.

Шаһарда соңғы жылдары туроператор қызметіне сұраныс артқан. Демалыстың қауіпсіз және кәсіби түрде өтуі олардың заңды жұмыс жасауына тікелей байланысты болғандықтан «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы туроператорлармен тікелей жұмыс жасап, олардың санын арттыру мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырып келеді. Осы мақсатта гид-экскурсоводтар мен қонақ үй қызметкерлері арасында жыл сайын семинар ұйымдастырылады.