Шымкентте үш жасар қыз терезеден құлап кетті

0
856

Оқиға Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Әлімқұлов көшесіндегі 5 қабатты көппәтерлі үйде болған.


Шымкентте үш жасар қыз терезеден құлап кетті

Шымкентте үшінші қабаттан қыз бала құлап жарақат алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, аталған оқиға Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Әлімқұлов көшесіндегі 5 қабатты көппәтерлі үйде болған.
“Алдын ала мәліметтер бойынша, 2019 жылы туған қыз бала ересектердің қарауынсыз қалып, 3-қабаттан құлап кеткен. Оқиға салдарынан кішкентай қыз балалар ауруханасына түсті. Оған "сол қол сүйегінің сынуы" диагнозы қойылды. Дәрігерлер тексергеннен кейін сол күні амбулаториялық емделуге үйіне жіберілді (жағдайы орташа)”, - делінген баспасөз хабарламасында.
Оқиғаның мән-жайын Шымкент қаласы Полиция департаменті анықтайды.
Айта кетейік, жыл басынан бері бұл жетінші оқиға, барлық жағдайда балалар жарақат алды.