Шымкентте спорт мекемелері арасында спартакиада басталды

0
513

400-ге жуық адам қатысуда.


Шымкентте спорт мекемелері арасында спартакиада басталды

Шымкент қаласындағы спорттық мекемелерде спорттың 5 түрінен спартакиада өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қ.Мұңайтпасұлының 150 жылдығы аясында ұйымдастырылап жатқан спорттық сайысқа қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен басқармаға қарасты мекемелердің қызметкерлері қатысуда.
Аталған шарада кіші футбол, волейбол, үстел теннисі, жеңіл атлетика және жүзу сынды спорт түрлерінен барлығы 400-ге жуық адам қатысуда.
Спартакиаданың ашылу салтанатында басқарма басшысының орынбасары Е.Дәрменов сөз сөйлеп, соңынан патриоттық әндер орындалды.
Сайыс жеңімпаздары арнайы медальдармен және Алғыс хаттармен марапатталатын болады.