Шымкентте саусағы жарақаттанған 4 жасар балаға күрделі ота жасалды

0
427

Операция сәтті өтті.


Шымкентте саусағы жарақаттанған 4 жасар балаға күрделі ота жасалды

Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері саусағының сүйегі майдаланып кеткен 4 жастағы балаға күрделі ота жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ата-анасының сөзінше, бала ойнап жүріп велосипедтің тізбегіне (цепь) саусағы қысылып қалған. Соның салдарынан саусағының сүйектері майдаланып, ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Медицина мамандары баланың өмірін аман алып қалу үшін шұғыл түрде ота жасап, саусағының майдаланған сүйектерін жинап берді.
«Ота кезінде баланың жарақаттанған саусағындағы тамырларын тігіп, сүйектерін қайта қалпына келтірдік. Операция сәтті өтті. Баланың қазіргі жағдайы жақсы» - дейді дәрігер-хирург Сакен Тұрғынбаев.
Медицина мамандары балалардың түрлі жарақат алып, ауыр халде ауруханаға түсуі жазғы демалыс кезінде жиілейтінін айтуда.