Шымкентте сауда орталығында кәмелетке толмаған қыз электр тоғынан көз жұмды

0
547

Тексеріс барысында қыздың сол орталықта жұмыс істейтіні анықталды.


Шымкентте сауда орталығында кәмелетке толмаған қыз электр тоғынан көз жұмды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкентте сауда орталықтарының бірінде кәмелетке толмаған қыз көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, 3 шілде күні жедел басқару орталығының "102" арнасына қаладағы ойын-сауық орталықтарының бірінде кәмелетке толмаған қыз қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен. Тексеріс барысында қыздың сол орталықта жұмыс істейтіні және электр тоғынан қайтыс болғаны анықталған.
Аталған жайт Қаратау ауданы Полиция басқармасы СДТБТ-ға ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соғу) бойынша тіркелді”, - делінген баспасөз хабарламасында.
Қазіргі таңда осы істің мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.