Шымкентте нашақорлықтың алдын алу мақсатында кездесу өтті

0
649

Кездесу барысында жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өзара еркін пікір алмасты.


Шымкентте нашақорлықтың алдын алу мақсатында кездесу өтті

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған кездесудің мақсаты - есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды жүргізу және жастар арасында синтетикалық есірткілердің таралуының, пайдаланудың алдын алу.

Кездесуге ЖИТС-тің алдын алу және оған күрес жөніндегі орталығының маманы Назира Жүргенбаева, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшысының орынбасары Руслан Аитов, ШЖҚ Психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Ұлбосын Жанмолдаева, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің аға жаттықтырушысы халықаралық дәрежедегі спорт шебері Абзал Ахатаев, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі Қазақстан чемпионы кубогы, әмбебап жекпе-жектен әлем чемпионы Қуаныш Чимкентбай және «Шымкент жоғары педагогикалық колледжі» студенттері қатысты

Аталмыш шарада жастар арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік алдын алудың өзекті теориялық және қолданбалы мәселелері қарастырылады. Қазақстан жастарының өмір сүру салты, еліміздегі нашақорлық деңгейі, статистикалық көрсеткіштері талқыланады. Сонымен қатар бұл жұмыста нашақорлық және жасөспірімдер қылмысы проблемасы, кәмелетке толмағандардың есірткіге құмарлығын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар жайлы айтылды. Сөз соңында сала маманы жастарды жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытын тиімді істермен айналысуға шақырды.

Кездесу барысында жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өзара еркін пікір алмасты.

Айта кетейік, жыл басынан бері 4 000-нан астам есірткі саудасымен айналысып келген сайт бұғатталып, одан бөлек дәріханаларда есірткінің орнын алмастыратын препараттардың дәрігердің рұқсатынсыз сатылғандары тәркіленген.