Шымкентте лифтіде әйелге шабуыл жасаған күдікті ұсталды

0
458

Жедел топ өкілдері оны қылмыстық жауапкершіліктен қашпақ болған жерінен Шиелі бекетіндегі поезд вагондарының бірінде құрықтады.​


Шымкентте лифтіде әйелге шабуыл жасаған күдікті ұсталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкенттік полицейлер лифтіде баласы бар әйелге шабуыл жасаған күдіктіні ізін суытпай ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ол жас жігіт, мегаполис тұрғыны болып шықты. Жедел топ өкілдері оны қылмыстық жауапкершіліктен қашпақ болған жерінен Шиелі бекетіндегі поезд вагондарының бірінде құрықтады.

Естеріңізге сала кетейік, 25 мамырда Шымкент қаласы Қаратау АПБ-на жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Әйел өз шағымында үйдің лифтінде белгісіз адам оны зорлауға тырысқанын айтты.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК 24-120-бабы "зорлауға оқталу" бойынша тіркеуге алды.

Жасалған қылмыстың ауырлығы мен күдіктінің батылдығын ескере отырып, полиция департаменті ер адамның жеке басын анықтауға және оны ұстауға бағытталған тәжірибелі жедел уәкілдерден тұратын арнайы топ құрды.

Іс Полиция департаменті басшылығында ерекше бақылауға алынды.

Ол түнде Қаратау аудандық полиция басқармасына жеткізілді.

Қазіргі таңда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.