Шымкентте ковидтің жаңа толқынына дайындық жүргізіліп жатыр

0
461

Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында КВИ жұқтырған 32 науқас ем қабылдап жатыр.


Шымкентте ковидтің жаңа толқынына дайындық жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының жаңа толқынына дайындық жұмыстары жүргзіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қаладағы бірқатар медициналық мекемелердің дайындығын тексеріп, жауапты басшыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында КВИ жұқтырған 32 науқас ем қабылдап жатыр. Науқастардың жағдайы тұрақты. КВИ жұқтырған азаматтарды емдеуге барлық жағдай жасалған. Дәрілік заттардың 2 айлық қоры бар. Қала әкімінің бірінші орынбасары ауруханадағы жаңадан салынған оттегі тарату стансасының жұмысымен танысып, дәріхана қорын аралап көрді.

Сонымен қоса, қалалық №5 емханада тиісті жұмыстар атқарылуда. Онда күніне 50-ден астам адам ревакциналаудан өтеді. Шыңғыс Жұмабекұлы мекемедегі вакциналау бекетін және ситуациялық орталықтың жұмыс барысын бақылады. № 3 қалалық емханада да вакциналау қарқынды жүргізілуде.

Қазіргі уақытта Шымкент қаласында да коронавирус инфекциясын жұқтырғандар анықталып отыр. Қалада вакцина қоры жеткілікті. Қажетті төсек-орындар дайындалды.

Қала әкімінің бірінші орынбасары медициналық мекеме басшыларына вакциналау жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруды тапсырды. Екпені халыққа дұрыс түсіндіріп, тұрғындардың өз еркімен егу керек. Вакциналау жұмыстары құқық қорғау органдары тарапынан қатаң тексерілуде.

Айта кетейік, қалада 45 екпе нысаны бар. 1-ші компонентпен 619 490 адам, 2-ші компонентпен 607 859 азаматқа егілді. Бүгінгі күні тиісті контингенттің (596205 адам) 1-ші компонентпен 105%, 2-компонентпен 101% вакцинацияланды. Шымкент қаласының тұрғындарына вакцинаның үшінші дозасымен бүгінге 354 719 адам (59%) ревакцинацияланды (жоспар 596 205), төртінші дозасымен 15 032 адам (94%) қайта ревакцинацияланды (жоспар 15 928).