Шымкентте көлікті мас күйде басқарған 70-ке жуық жүргізуші анықталды

0
612

Темір тұлпар тізгінінде ұялы телефон пайдаланған – 806 тұлғаға хаттама толтырылды.


Шымкентте көлікті мас күйде басқарған 70-ке жуық жүргізуші анықталды

Шымкент қаласында «Қауіпсіз жол» іс-шарасы барысында көлік құралын мас күйде басқарған 64 жүргізуші анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шымкент ҚПД ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 19-шілдесінен бастап «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Аталған шараның мақсаты - қала аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
Осы орайда, Шымкент қаласы бойынша іс-шараның 22 күнінде 22 248 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 561 автокөлік айыптұраққа жеткізілді.
Атап айтқанда техникалық байқаудан өтпеген – 589, темір тұлпар тізгінінде ұялы телефон пайдаланған – 806 тұлғаға хаттама толтырды. Жол үстінде қауіпсіздік белдігін тақпаған – 3658, басып озу немесе маневр жасау тәртібін бұзған – 390, қозғалыстың қарсы жолағына шыққан – 97, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп кеткен – 264, жаяу жүргіншіге басымдық бермеген – 186, авариялық жағдай туындатқан – 103, темір жол өтпелерінен өту қағидаларын бұзған – 69, көлік құралын мас күйде басқарған – 64, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ 294 жүргізуші анықталды.
Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолағынан емес, кез келген жерден жолды кесіп өтпек болып, апат тудыруға себепкер болуы мүмкін дегендер саны да аз емес. 238 жаяу жүргінші жол ережесін бұзған. Өзге де құқық бұзушылықтар бойынша – 12303 хаттама толтырылды.
Мемлекеттік техникалық байқаудан өтпегендерге көлік құралын басқаруы үшін қайтадан тексерістен өтуі керектігі түсіндірілді.