Шымкентте ер адам жүкті әйелге лифттің ішінде шабуыл жасады

0
535

Бұл кезде әйелдің жанында 6 айлық баласы да болған.


Шымкентте ер адам жүкті әйелге лифттің ішінде шабуыл жасады

сурет: видеодан алынды

Шымкент қаласында ер адам жүкті әйелге лифттің ішінде шабуыл жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тарады.

Оқиға 25 мамыр күні «Нұрсат» шағын ауданында болған. Бұл кезде әйелдің жанында 6 айлық баласы да болған.

Шамамен 25 жасар жігіт әйелдің лифтке кіруін күтіп, аңдып тұрған. Видеодан лифт есігі жабылған соң, ер адамның әйелдің аузын қолымен басып, бесік арбадағы пакетті сөмкесіне салып алғанын көруге болады. Бұдан кейін әйел лифттен шығып кеткен.

Аталған оқиғаға байланысты қалалық полиция департаментінің өкілдерімен байланысқан болатынбыз.

Ведомство мәліметінше, 25 мамыр күні Шымкент ҚПД Қаратау АПБ 102 сымтетігіне жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз азамат өзінің еркінен тыс жыныстық қатынасқа түсірмекші болып қысым көрсеткені бойынша хабарлаған екен.

“Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 24-120 бабы "Зорлауға оқталу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған жайт бойынша білікті полиция қызметкерлерден арнайы топ құрылып күдіктінің тұлғасын және жүрген жерін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Іс Полиция департаментінің басшылығының бақылауында”, - делінген баспасөз хабарламасында.