Шымкентте ер адам екі баласын өлтірмек болды

0
910

Ол үйде 50 литрлік газ баллонын қасақана қосып қойған.


Шымкентте ер адам екі баласын өлтірмек болды

Шымкентте ер адам отбасылық жанжалдан соң өз өзін газбен улап өлтірмек болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ол үйде 50 литрлік газ баллонын қасақана қосып қойған.

Үйде әкесімен бірге 4 және 8 жастағы балалар болған. Оқиға Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Айнатас тұрғын үй алабында 17 қазан күні орын алған. Әйелімен кикілжіңге келген 42 жастағы ер адам өз өзін газбен улап өлтірмек болған. 1978 жылы туған азамат алкогольді ішімдік ішіп алғаны анықталған. Отбасылық жанжал бойынша оқиға орнына жеткен учаскелік полиция инспекторы сағат 15.45-те өрт сөндірушілерді шақырған. Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары дер кезінде ашық қалдырылған газ баллонын анықтап, апаттың алдын алды. Кез келген сәтте газ жарылып кетуі мүмкін еді дейді құтқарушылар. Өзін ғана емес, бала-шағасына қауіп төндірген 42 жастағы әкені Еңбекші аудандық полиция басқармасы алып кетті. Балаларды апаттар медицинасы бригадасының дәрігерлері қарап шыққан. Медициналық көмек қажет болмаған екі бүлдіршін анасымен үйінде қалдырылды.


"Жағдайдың барлық қауіптілігін түсіне отырып, №7 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау капитаны Ербол Небесаев пен аға өрт сөндіруші азаматтық қорғау сержанты А.Юлдашев жедел әрекет етті. Олар тез арада бөлмеге жүгіріп, газ баллонының кранын жауып, далаға шығарды, балаларды қауіпсіз жерге эвакуациялады.Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 5 адам, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы тартылды," - деп мәлімдеді Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы