Шымкентте дауылды ескерту жарияланды

0
623

Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.


Шымкентте дауылды ескерту жарияланды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, 3 тамыз күні кей уақытта найзағай ұрып, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

"Құрметті қала тұрғындары, сақтық шараларды сақтаңыздар. Абай болыңыздар", - делінген баспасөз хабарламасында.