Шымкентте биыл 35 шақырым орталық жолдар жөнделеді

0
319

Олардың ішінде магистраль жолдар мен ішкі орам көшелер де бар.


Шымкентте биыл 35 шақырым орталық жолдар жөнделеді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жолдарды қалпына келтіру жұмыстары бойынша жиын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жиында қала аумағындағы жолдардың қазіргі ақуалы талқыланып, жөндеу жұмыстарының жоспары пысықталды.

Қала басшысы осыған дейін жауаптыларға жолдардың сапасын арттыру мақсатында арнайы мониторинг жасап, туындаған мәселелерді жүйелі түрде шешу мақсатында тапсырма берген болатын. Талдау нәтижесінде анықталған тозығы жеткен 50 көшенің 20-сына биыл жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Олардың ішінде магистраль жолдар мен ішкі орам көшелер де бар. Мониторинг тізіміндегі қалған жолдар алдағы жылдары кезең-кезеңмен жөнделетін болады.
Мұрат Дүйсенбекұлы жол құрылысының сапалы, өндірістік кестеге сай жүргізілуін қадағалауды тапсырды.
Жыл соңына дейін жөндеуден өтетін нысандар:
1. Д.Қонаев даңғылы;
2. №1 автомобиль жолы;
3. Қазыбек би көшесі;
4. Желтоқсан көшесі;
5. Назарбеков көшесі;
6. Аймауытов көшесі;
7. Көшеров көшесі;
8. Тыныбаев көшесі;
9. Қабанбай батыр көшесі;
10. Анаров көшесі;
11. Жансүгіров көшесі;
12. Абай даңғылы;
13. Исмайлов көшесі;
14. Алпысбаев көшесі;
15. Еділбаев көшесі Ақжайық шағын ауданы;
16. Пазиков көшесі Шапағат шағын ауланы;
17. Орынбаев көшесі;
18. Шанин көшесі;
19. Байтіленов көшесі;
20. Үркімбаев көшесі.

Айта кетейік, Шымкент қаласындағы Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысында салынып жатқан жолайрық құрылысының 55 пайызы атқарылды.

Жобаға сәйкес, жолайрық үш деңгейлі. Төменгі деңгейде Арғынбеков көшесі, жоғарғы деңгейде Бәйдібек би даңғылы, ортаңғы деңгейде оң жақ бұрылыстар мен сақиналы жол орналасатын болады.
Қазіргі таңда негізгі көпір өткелдерінің темірбетонды конструкциясы 95%-ға орындалды.
Биылғы жылдың мамыр айының соңында Арғынбеков көшесін, шілде айында Бәйдібек би даңғылы және оң жақ өткелдерін көлік қоғалысына ашу жоспарлануда.

Аталған жобаның техникалық сипаттамасына сәйкес, Бәйдібек би даңғылы бойынан 700 метр, Арғынбеков көшесі бойынан 921 метр жол аралығы құрылыс аумағына енгізілген. Жолайрық магистралының ені 80 метрден 4-6 жолақты құрайды.