Шымкентте баласын аяусыз ұрған әйелге қатысты тексеру басталды

0
1 624

Бейнежазбада көрсетілген азаматша анықталып, одан түсініктеме алынды.


Шымкентте баласын аяусыз ұрған әйелге қатысты тексеру басталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент полицейлері әйелдің ұлына қатыгездік жасаған жайтын тергеуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әлеуметтік желілерде анасының өз баласына қатыгездік жасағаны туралы бейнежазба тараған болатын. Аталған жайт бойынша Қаратау ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері тексеру жүргізуде

"Бейнежазбада көрсетілген азаматша анықталып, одан түсініктеме алынды. Полиция қызметкерлері және Білім басқармасының қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің мамандары азаматшамен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде", - делінген жазбада.

Қазіргі таңда орын алған жайт бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.