Шымкентте 25 жастағы әйел үшінші қабаттан құлап кетті

0
883

Зардап шеккен азаматша жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.


Шымкентте 25 жастағы әйел үшінші қабаттан құлап кетті

Шымкент қаласында 25 жастағы әйел 3-қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, 29 шілде күні сағат 08:11-де Әл-Фараби ауданы, Тауке хан даңғылы бойында орналасқан көпқабатты үйдің 1-қабатына жапсарлама салынған «Имран» сауда орталығының шатырына 3-қабаттың терезесінен 1997 жылы туған азаматша абайсызда құлап түскен.

"Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасақтың 4 құтқарушысы оқиға орнына жетіп, альпинисттік құралдарын пайдаланып, зардап шеккен азаматшаны (оң аяғы жабық сынық) шатырдан түсіріп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды", - делінген баспасөз хабарламасында.