Шымкентте 20-дан астам ​жүкті әйел коронавирустан емделіп жатыр

0
573

Оның жетеуі босанған әйел.


Шымкентте 20-дан астам ​жүкті әйел коронавирустан емделіп жатыр

Шымкент қалалық №2 аурухананың COVID орталығында коронавирус жұқтырған 22 әйел емделіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның жетеуі босанған әйел. Бұл туралы Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастырған баспасөз туры барысында айтылды.

Аурухананың COVID орталығы 100 орынға бейімделген. Бүгінде 22 әйел ем қабылдап жатыр. Оның 7-еуі босанған, 15-і жүктіліктің түрлі мерзіміндегі әйелдер. Науқастардың денсаулығы орташа-қалыпты. Емдеу уақыты науқастың жағдайына қарай 5-12 күнге дейін созылуы мүмкін,- дейді Шымкент қалалық №2 аурухананың бас дәрігері Асқар Рахматалиев.