​ШЫМКЕНТ: Жастар арасында жолдауды насихаттау жұмыстары жүргізілді

0
642

Кездесу барысында жастар ресурстық орталығының басшысы Мағжан Шыңғысұлы ауданға қарасты жастар мен жасөспірімдерге Президент жолдауын кеңінен түсіндіріп өтті.


​ШЫМКЕНТ: Жастар арасында жолдауды насихаттау жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласы Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастарға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын насихаттау жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кездесу барысында жастар ресурстық орталығының басшысы Мағжан Шыңғысұлы ауданға қарасты жастар мен жасөспірімдерге Президент жолдауын кеңінен түсіндіріп өтті.

Шара барысында Президентіміздің жолдауында айтылған ел игілігі жолындағы жауапты жұмысты бірге атқару жастарға кеңінен насихатталды. Сондай-ақ, жастар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды.

Жастар «Жаңа Қазақстанның» келешек келбетін қалыптастыруда. «Жаңа Қазақстан» дегеніміз – барлық адамға тең мүмкіндік беру, экономика мен саясаттағы жасанды монополияларды жою, елдің саяси өміріне белсене араласатын мықты азаматтық қоғамы бар тиімді әрі өркениетті мемлекет құруға әрбір жасты өз үлесін қосуға шақыру.

Айта кетейік, Президент жолдауын іске асыру кезеңдерін талқылау мақсатында Шымкент қалалық «Азаматтық ресурс орталығына» шаһардағы үкіметтік емес ұйымдар мен сарапшылар және белсенді жастар жиналды.

Негізгі тақырып – Мемлекет басшысының халыққа Жолдауы болды. Оның ішінде дәл осы азаматтық қоғамның рөлі мен халықтың белсенділігін арттыруды сөз етті. Басқосуда Шымкент қаласы бойынша Азаматтық Альянс заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Жұмағали Білісбеков, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің ректоры Гүлжан Сүгірбаева, «Қазақстан Әйелдері күштері Альянсы» қауымдастығының қаладағы филиалы жетекшісі Жаннета Жазықбаева өз ойын ортаға салды. Ең алғаш сөз алған М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің проректоры, доцент Сәкен Мәжінбеков биылғы жолдауда әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті мәселелері көтерілгенін атап өтті.