ШЫМКЕНТ: Тәжік-Ауған соғысының ардагерлері бас қосты

0
806

Жиында бейбітшілік жолында ерлік танытқан жауынгерлерге тағзым етіліп, гүл шоқтары қойылды.


ШЫМКЕНТ: Тәжік-Ауған соғысының ардагерлері бас қосты

Шымкент қаласында Тәжік-Ауған шекарасындағы қарулы қақтығыстарға қатысқан ардагерлер бас қосты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Биыл Тәжік-Ауған шекарасынан қазақстандық жеке құрамдағы атқыштар батальонының шығарылғанына 22 жыл толды.
– Шымкент қаласында Тәжік-Ауған шекарасына аттанған 325 сарбаз тіркеліп, оның 324-і аман-есен елге оралған. Біз жыл сайын 8 ақпан күні Абай саябағында Тәжік-Ауған шекарасында қаза болған сарбаздарға арналған ескерткіш алдына жиналып, еске аламыз, рухына құран бағыштаймыз. Одан бөлек, бұл күн біз үшін ерекше мереке. Өйткені 2001 жылдың 8 ақпан – қазақстандық жеке батальонның отанына оралып, қаншама ананың көз жасы тиылған күн. Қазақстандық батальон Тәжік-Ауған шекарасында 1993-2001 жылға дейін қызметін абыроймен атқарды. 2020 жылдың 3 мамырында Президент Қ.Тоқаев бізге «Тәжік-Ауған шекарасындағы қақтығыстың ардагері» мәртебесін берді. Бүгінде біз қоғамдық бірлестік құрып, Шымкент қаласындағы мектептерде жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу үшін түрлі іс-шаралар өткізіп келеміз, - деді Тәжік-Ауған ардагерлерінің Шымкент қалалық филиалы төрағасы Әбдіғаппар Мұсабайұлы.
Айта кетейік,Тәжік-Ауған шекарасындағы қарулы қақтығысқа 8,5 мың қазақстандық сарбаз қатысып, өздерінің интернационалдық және жауынгерлік борыштарын адал атқарып шықты. Жиында бейбітшілік жолында ерлік танытқан жауынгерлерге тағзым етіліп, гүл шоқтары қойылды.