​ШЫМКЕНТ: «Оңтүстік» индустриялдық аймағында өрт шықты

0
977

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.


​ШЫМКЕНТ: «Оңтүстік» индустриялдық аймағында өрт шықты

Шымкент қаласында «Оңтүстік» индустриялдық аймағында өр шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"2023 жылғы 15 қаңтарда сағат 10-47-де «101» басқару пультіне Еңбекші ауданындағы Қапал батыр көшесінде орын алған өрт туралы ақпарат келіп түсті.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жетіп, өрт «Оңтүстік» индустриялық аймағында макулатураны қайта өндеу бойынша «Бумпром» ЖШС аумағында орын алғандығын анықтады. Алдын ала мәліметтер бойынша жалпы ауданы 60х20 шаршы метрді құрайтын жеке цех жанған. Ғимарат бір қабатты, автономды жылыту, ішінде 3 тонна макулатурасы бар, картон қалдықтары жанған. Өрттің ауданы 200 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Өрт сағат 12.37-де оқшауланды, сағат 13.18_де сөндірілді.
Өрт орнында Шымкент қаласы ТЖ департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан 52 адам және 14 бірлік техника жұмылдырылды", - делінген қалалық ТЖ хабарламасында.