​ШЫМКЕНТ: «Мирас» колледжінде қыздар кеңесі өткізілді

0
1 054

Аталған шараның мақсаты - қыздардың өсіп дамуына қолайлы психологиялық және әлеуметтік жағдай жасау.


​ШЫМКЕНТ: «Мирас» колледжінде қыздар кеңесі өткізілді

Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Қыздар кеңесі» мектебі жобасы аясында «Мирас» колледжінде қыздар кеңесі өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған шараның мақсаты - қыздардың өсіп дамуына қолайлы психологиялық және әлеуметтік жағдай жасау. Келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу, өмірге құштарлығын арттыру. Қыз балалардың тәрбие үдерісінде психологиялық заңдылықтырды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру, қыздардың шығармашылық және интеллектуалдық потенциалдарын дамыту.

Кездесу барысында қатысушылар командалық жұмыс жасап, бір-бірін түсінуге, өз ойын еркін жеткізуді үйренді.

Қыздардың психологиялық сауаттылығын арттырып, өмірге деген қызығушылығын ояту. «Қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің, сұлулықтың символы. Осы қасиеттерді қыздардың бойына сіңіріп психологиялық көмек көрсету бағыттанда өзара еркін пікір алмасып, ерте жүктіліктің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Басқосу барысында аутодеструктивті мінез-құлыққа бейім жастар мен жасөспірімдердің психологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған көрініс көрсетілді. Сонымен қатар, психологтар өмірлік қиын жағдайға түскен жастарды әлеуметтік қоғамға тарту мәселелері айтып, инабатты қыз, ұлағатты ұл тәрбиелеу – ата-ананың да, ұстаздар қауымының да міндеті екенін айта келе, бұл бағыттағы жұмыстар ұлттық дәстүрді негізге ала отырып жүйелі жалғасатындығын жеткізді. Басқосуда ары қарай сұрақ-жауап түрінде өрбіп, жиынға қатысушылар өзекті мәселелер төңірегінде өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласындағы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Қыздар кеңесі" мектебі жобасы аясында «Ел сұлуы – қыз бала» атты психологиялық кездесу ұйымдастырылды.