ШЫМКЕНТ: Мереке күндері ХҚО-лар жұмыс істемейді

0
520

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз ​қызметі мәлімдеді.


ШЫМКЕНТ: Мереке күндері ХҚО-лар жұмыс істемейді

Наурыз мейрамына байланысты 21, 22 және 23 наурыз күндері Шымкенттік ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істемейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бүгінгі таңда қаламызда 10 Халыққа қызмет көрсету бөлімі, оның ішінде 3 мамандандырылған бөлім бар. Онда заматтар 300-ден астам мемлекеттік қызметтердің түрі бойынша жүгіне алады. Сондай-ақ, азаматтар электрондық анықтамалар мен қызметтерді мереке күндеріне қарамастан, egov.kz порталы, egovkzbot2.0 телеграм-боты, egovmobile қосымшасы, Halyk Homebank немесе Kaspi.kz қосымшалары арқылы онлайн түрде кез келген жерден рәсімдей алады.
«Біз шымкенттіктерді келе жатқан Наурыз мейрамы мерекесімен құттықтаймыз! Мереке қарсаңындағы демалыс күндеріне байланысты көпшілік барлық құжатын түгендеп – жинастыруға, қажетті анықтамасын жаңартып қалуға тырысады. 21, 22 және 23 наурыз Шымкенттік ХҚО-лары мен мамандандырылған ХҚО-лары жұмыс істемейді. Олар 24 наурыздан бастап әдеттегі кесте бойынша істей бастайды», - деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева.
Еске сала кетейік, ХҚО мен МХҚО–лар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші ХҚО мен МХҚО сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін (дүйсенбі-жұма), ал сенбі күні 09:00-ден 13:00 дейін жұмыс істейтін болады.