ШЫМКЕНТ: Лифт бұзылса 109 нөміріне хабарласуға болады

0
487

Қала тұрғындары жедел сатыларда (лифт) қалып қою, олардың істен шығуы және басқа да мәселелер бойынша хабарласа алады.


ШЫМКЕНТ: Лифт бұзылса 109 нөміріне хабарласуға болады

Шымкент қаласының ситуациялық @ikomek109.shymkent орталығы мен Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы, жедел сатыларға қызмет көрсетуші мекемелер қала тұрғындарынан түскен арыз-шағымдардың, шұғыл шақыртулардың орындалу сапасын қадағалау мақсатында бірлесе жұмыс істейтін болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Енді, қала тұрғындары жедел сатыларда (лифт) қалып қою, олардың істен шығуы және басқа да мәселелер бойынша біріңғай 109 нөміріне қоңырау шалу арқылы жедел хабарласа алады.
@ikomek109.shymkent орталығының операторлары тұрғындардан өтінімдерді 24/7 мына байланыс арналары арқылы қабылдайды:
1. Қалалық және мобильді телефондардан 109 бірыңғай нөмеріне ТЕГІН қоңырау шалу;
2. What’s App +7 7777 109 109 нөміріне хабарлама жазу;
3. Instagram @ikomek109.shymkent парақшасына жекеге жазу;
4. Facebook IKomek Shymkent парақшасына жекеге жазу;
5. @shymkentonlinekz_bot Telegram-bot арқылы.