Шымкент Қазақстан бойынша "Ең үздік спорттық өңір" атанды

0
1 471

​Спорттық премияны ҰОК-нің ұйымдастырып отырғанына биыл төртінші жыл.


Шымкент Қазақстан бойынша

ERNUR.KZ. Қазақстан ұлттық Олимпиада комитетінің Olympic.kz сайтында спорттық премия бойынша үздіктерді анықтауға арналған дауыс беру 3 желтоқсан сағат 23.59-да тоқтатылды, деп жазады Elitar.kz.

Әзірге жеңімпаз ресми түрде жария етілмегенімен Facebook желісінде шымкенттіктер бір-бірін құттықтап жатыр.

Бұл спорттық премияны ҰОК-нің ұйымдастырып отырғанына биыл төртінші жыл. Соңғы екі жылдан бері жеңімпазды жанкүйерлердің өзі анықтайды.

Тоғыз номинация бойынша дауыс беру комитеттің ресми сайтында жүргізіліп келеді. Біздің дереккөзіміз бойынша Шымкент жылдың "Ең үздік спорттық өңірі" атанып отыр.