ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданында 5 мың шаршы метр аумаққа гүл отырғызылды

0
950

Оған 44 қызметкер жұмылдырылды.


ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданында 5 мың шаршы метр аумаққа гүл отырғызылды

Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары бұл жылы да қарқынды жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жұмыстарды мердігер «Вuild stroi» ЖШС атқаруда.

Биыл ауданда 5 мыңнан аса шаршы метр аумаққа гүл отырғызылды. Атап айтқанда, Н.Назарбаев даңғылына – 1 250 м2, Арғынбеков көшесіне - 820 м2, С.Бәйтереков көшесіне - 225 м2, Асар шағынауданына – 450 м2, Нұрсәт гүлзарына – 65 м2, Бозарық шеңберіне - 2 450 м2 аумаққа петунья, шафран, тагетис және өзге де жаздық гүл көшеттері отырғызылды. Оған 44 қызметкер жұмылдырылды.