ШЫМКЕНТ: «Е-Лицензиялау» ақпараттық жүйесінде интеграциялық жұмыстар жүргізілді

0
940

Электрондық еңбек шарттарын жасасу бойынша сұрақтар туындаған жағдайда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ға жүгіну қажет.


ШЫМКЕНТ: «Е-Лицензиялау» ақпараттық жүйесінде интеграциялық жұмыстар жүргізілді

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді жетілдіру мақсатында «Е-Лицензиялау» ақпараттық жүйесінде интеграциялық жұмыстар жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осыған байланысты, 5 желтоқсаннан бастап сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында өтініш беру, мәліметтер нысандарын толтыру кезінде лицензия алу және аккредиттеу үшін аттестатталған инженерлік-техникалық қызметкерлер және (немесе) сарапшылар бойынша ақпарат еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен автоматты түрде алынатын болады.
Сондықтан көрсетілетін қызметті алушылар жасалған еңбек шарттары бойынша ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуі қажет.
Енді ҚР Еңбек Кодексінің 23-бабы 2-тармағының 27 тармақшасына сәйкес, жұмыс беруші еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, осы Кодекстің 28-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 13) тармақшаларында көзделген мәліметтер қамтылған, оған енгізілетін өзгерістер және толықтырулар туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуге міндетті (жаңа еңбек шарттары - 5 жұмыс күніне дейін, еңбек шартына өзгерістер - 15 күнтізбелік күнге дейін).
Электрондық еңбек шарттарын жасасу бойынша сұрақтар туындаған жағдайда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ға жүгіну қажет (enbek.kz, 1414).