ШЫМКЕНТ: Адырбеков көшесінде 2 ай көлік қозғалысы шектеледі

0
570

Бұл туралы Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма​сының баспасөз қызметі мәлімдеді.


ШЫМКЕНТ: Адырбеков көшесінде 2 ай көлік қозғалысы шектеледі

Шымкент қаласындағы Адырбеков көшесі көлік қозғалысына уақытша жабылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Жібек жолы көшесінің қиылысынан М.Маметова көшесінің қиылысына дейінгі аралықтағы Адырбеков көшесінің жол құрылыс жұмыстарын жүргізу мақсатында екі бағытта жол көлік қозғалысы 2 айға шектелетін болады”, - делінген жазбада.
Басқарма мәліметінше, көшелердің жабылу мерзімі 15.03.2023-15.05.2023ж. аралықты қамтиды.