ШЫМКЕНТ: Абай ауданындағы 1,4 шақырым жол орташа жөндеуден өтті

0
623

Бүгінде Өтебай, Нұрлыбай және Жамалов көшелері жаңарып, ел игілігіне берілген.


ШЫМКЕНТ: Абай ауданындағы 1,4 шақырым жол орташа жөндеуден өтті

Шымкент қаласы Абай ауданы аумағындағы Алтынтөбе тұрғын алабында жалпы ұзындығы 1,4 шақырым жол орташа жөндеуден өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінде Өтебай, Нұрлыбай және Жамалов көшелері жаңарып, ел игілігіне берілген.

Өтебай көшесінің ұзындығы 0,4 шақырымда құрайды. Аталған көшеде жолдың асфальтбетон жабындысы ауыстырылып, аяқжол салынды. Сонымен қатар, Нұрлыбай және Жамалов көшелерінің жалпы ұзындығы 1 шақырымнан асатын жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аталған көшелердің ені - 5 метрді құрайды.
Айта кетейік, Шымкент қаласын дамытудың 2021-2025 жылдарға бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, орташа жөндеу бойынша ағымдағы жылы шалғай елді мекендер мен ішкі орам көшелеріне басымдылық беріліп, жалпы 300-ден астам көше жөндеуден өтті.