Шетелдік көліктерді заңдастыру: Шымкенттік автоХҚО-ның жұмыс кестесі өзгерді

0
720

23 қаңтарда елімізде шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталды.


Шетелдік көліктерді заңдастыру: Шымкенттік автоХҚО-ның  жұмыс кестесі өзгерді

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру үшін Шымкенттік автоХҚО-ларының жұмыс кестесі өзгерді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

23 қаңтарда елімізде шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталды. Мемлекеттік корпорация қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында автоХҚО-лардың жұмыс кестесін өзгерту туралы шешім қабылдады.
Автокөліктерді заңдастыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін автоХҚО-лары дүйсенбі және сенбі күндері аралығында сағат 9:00-ден бастап 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Осы жұмыс кестесі бойынша орталықтар келушілерді 2023 жылдың 6 ақпанына дейін қабылдайды.
ХҚО мекенжайлары:
- №1 мамандандырылған ХҚО: Достық м.а 2343/1;
- №2 арнайы ХҚО: Ташкент айналма жолы, 341.