Мереке қарсаңында шымкенттік 15 анаға электр пеші мен тігін машиналары табысталды

0
1 148

15 анаға электр пеші мен тігін машиналары табысталды.


Мереке қарсаңында шымкенттік 15 анаға электр пеші мен тігін машиналары табысталды

8 наурыз мерекесі қарсаңында «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы» жобасы аясында көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға бизнесті дамытуға арналған тұрмыстық заттар табысталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қаратау ауданындағы «Мәртөбе» бастауыш партия ұйымының базасында өткізілген салтанатты шара барысында, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әбдез Рахманұлы және «Мәртөбе» Бастауыш партия ұйымының төрағасы Оразәлі Кенжебеков аналарды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, 15 анаға гүл шоқтары және электр пеші мен тігін машиналарын табыстады.

Демеушілердің қолдауымен беріліп отырған сыйға ризалығын білдірген аналар «Nur Otan» партиясына алғыс айтып, ары қарай өз кәсіптерін дамытпақ.

Жоба аясында Шымкентте партия белсендісі Оразали Кенжебековтың демеушілігімен 100 астам көпбалалы анаға тұрмыстық техника табысталған. Бұл шара нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудыңмемлекеттік бағдарламасын іске асыруға және көп балалы аналарға өз кәсіптерін өркендетуге көмек береді.