"Күн санап артуда!": Шымкенттің бас дәрігері қала тұрғындарына үндеу жасады (видео)

0
1 916

Шымкент "сары" аймаққа кірді.


иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласының бас дәрігері қала тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов қаладағы эпидемиялогиялық жағдайдың тұрақсыз екенін айтып, инфекцияға шалдыққан науқастар саны күн санап артып жатқандығын айтты.


"Осы орайда инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында сақтық шараларын қатаң ұстану қажеттігін ескертеміз. Арақашықтықты сақтап, бетперде тағып, адам көп шоғырланған орындарға бармай, сақтық шараларын ұстануға шақырамыз", - дейді бас дәрігер.

Сонымен қатар, бас дәрігер коронавирус инфекциясына шалдыққан науқаспен байланыста болған азаматтар үйде отырып, карантин талаптарын ұстауы тиіс екендігін баса айтты. Қажет жағдайда жергілікті емхана мамандары науқаспен байланыста болған азаматтарға еңбекке жарамсыздық қағазын ашып бере алатындығын да жеткізді.