"Хан құрақ": Шымкенттік келіншек оюдың жаңа түрін ойлап тапты

0
9 907

Әр жұма сайын барлық көрпеге 10% жеңілдік болады екен.


Ежелден қонақжай қазақ халқы төрін қонаққа арналған «қасиетті орын» санаған. Келген қонақты төрге шығарып құрақ көрпелерін төсеудің өзі қонаққа деген ерекше құрметті білдіретін болған. Ата-бабамыздан келе жатқан бұл дәстүр күні бүгінге дейін өз жалғасын тауып келеді.


*(ҚҰРАҚ - төрге төсейтін көрпеше. Мата қиындыларын қиюластырып түрлі өрнектерден құралған көрпені құрақ көрпе деп атайды)


Құрақ көрпенің қыз жасауына қосылуының да өзіндік бір үлкен мәні бар. Ұзатылып жатқан қыздың «басы құралсын» деген ниетпен жасауына берілетін болған.

Құрақ құрау үлкен төзімділікті қажет ететін жұмыс. Түрлі-түсті маталардан құрау кезінде түстерінің үйлесуінің де маңызы зор. Мата түстері неғұрлым жақсы үйлесім тапса құрақтар өте сәнді көрінеді. Құрақ көрпе тігу адамды шыдамдылық пен төзімділікке баулиды.


Қазіргі кезде құрақ көрпелер үйдегі ерекше бұйым болып саналады. Заманға сай жасалынған көрпелердің сұлулығы көздің жауын алып қана қоймай үйдің сәнін де аша түседі.

Құрақ құрау екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Бүгінде осы кәсіпті табыс көзіне айналдырған қыз-келіншектер де аз емес. Құрақшылардың көптігі халық сұранысының жоғары екенін дәлелдейді.


Бүгінгі біздің кейіпкеріміз де ата кәсіпті бизнеске айнадырған шымкенттік тігінші Сағымбекова Гүлмира. Иә, құрақ құрайтын шебер өңірде аз емес. Ал Гүлмираның ерекшелігі сол, ол өзіндік ерекше ою түрін ойлап тауып, бүгінде өзгеше өрнек салынған көрпелерімен тапсырыс берушілердің көңілінен шығып жүр екен.

Гүлмираның бұл салаға келгеніне көп болмаса да жасаған жұмыстары көптің көңілінен шығып үлгерген. Он саусағынан өнері тамған келіншек құрақ тігіп қана қоймай, өзінің әріптестерімен бірге «хан оюы» деген жаңа құрақ түрін ойлап тауыпты.

("Хан оюы көрпесі)

Қазіргі кезде 3D, мозаика, және этномозаика деген құрақ түрлері сәнге ие. Көрпелердің бағасы матаның сапасына, дизайнның қиындығына қарай бағаланады. Бір құрақ көрпенің ең төменгі бағасы 14 мыңнан басталып ең жоғарысы 20 мыңға дейін болады. Бірақ клиенттер көбінесе құрақтың бағасынан бұрын сапасына баса назар аударады, - дейді Гүлмира.


Гүлмираның еліміздегі әр облыста тұрақты клиенттері бар екен. Шымкенттен бөлек Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Павлодардан тапсырыс беретіндер көп екенін айтады ол. Тапсырыстың көп бөлігі Шымкент пен Батыс Қазақстан облысынан келетін көрінеді.


(фото: кейіпкердің жеке мұрағатынан)

Гүлмираның басқалардан ерекшелігі - тұтынушылармен кері байланыс орнатуы. Ол әр тапсырыс берушінің өз қалауымен жасайды. Яғни, дизайны мен матасын клиент қалағандай етіп жасап береді.

Шебердің қарамағында 10-ға жуық адам жұмыс істейді. Барлығы де он саусағынан өнері тамған ісмер. Алдағы уақытта өз бизнесін ары қарай дамытып жаңа дүниелерді қосу жоспарында бар.

Тапсырыс берушілердің барлығына жеңілдіктер қарастырылған. Сонымен қоса кез-келген қыз жасауына «шай көрпеше» сыйлыққа беріледі. Әр жұма сайын барлық көрпеге 10% жеңілдік болады екен.

Бағасы мен сапасы келіскен ерекше құрақтарды (@kemel_textile) Гүлмира ханымнан таба аласыздар. (8702-634-42-77)

Ұлбосын Әбілсейітқызы,

ERNUR.KZ.