«IT саласының қазіргі қоғамдағы рөлі»: Шымкентте жастармен кездесу өтті

0
467

Аталған жобаның мақсаты - жалпы білім беру мекемелерінің жоғары сынып оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру, мансаптық траекторияны құру.


«IT саласының қазіргі қоғамдағы рөлі»: Шымкентте жастармен кездесу өтті

Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Алпамыс батыр атындағы №40 мектеп гимназиясының жоғарғы сынып оқушылары арасында «IT саласының қазіргі қоғамдағы рөлі» тақырыбында кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жобаның мақсаты - жалпы білім беру мекемелерінің жоғары сынып оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру, мансаптық траекторияны құру.

Кездесу барысында IT мамандары оқушыларға мамандық таңдауда қателеспеуге шақырып, сала туралы бірқатар ақпараттар айтылды. Сондай-ақ, олар технологиялық бағыттағы бірқатар мамандықтарға тоқталып, өз тәжірибелерімен де бөлісті.

- Қазір техникалық салалар күн сайын дамып, қоғамда үлкен сұранысқа ие болуда. Тіпті кейбір жұмыс орындары IT саласының білікті мамандарын қажет етеді. Сіздер де алдағы уақытта үлкен жұмыс орындарында білікті маман атанғыларыңыз келсе, мамандық таңдауда дұрыс бағыт ұстаныңыздар, - деді Азімхан Санат.

Айта кетейік, Шымкентте биыл 14 мыңнан астам тұрғын цифрлық сауат арттыру курсына қатысады. Өткен жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Шымкенттің 13 мың тұрғыны цифрлық сауаттылығын арттырған. Бұл бағыттағы жұмыс биыл да жалғасады. Биыл 14 700 тұрғын цифрлық сауат ашу курсына қатысады деп жоспарлануда.

Бұл жобаның мақсаты - тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру, цифрлық заманда электронды қызметтерді, үйден шықпай-ақ, өз бетінше алуға дағдылану және алаяқтықтан сақтану. Қазіргі таңда оқу курстары қалалық қызметтер мен сервистердің i-shymkent.kz порталында орналастырылған.

Еске сала кетейік, Үкімет қаулысымен бекітілген бірыңғай тізбеге сәйкес ашық үкімет порталының ашық деректер блогында 13 сала бойынша 62 дерек жиынтығы орналастырылды. Өзектілік үлесі 100 пайызды құрайды. Интернет-ресурста және ресми парақшаларда, қалалық цифрландыру басқармасының әлеуметтік желілерінде «Ашық үкімет» порталының 4 бағытын таныстыру мақсатында анонстар жарияланады.